Елдос Сарқұловтың кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі

14 мамыр 2016 ж.
Елдос Сарқұловтың кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі

Қазақтың қайсар ұлдарының бірі Елдос Сарқұлов кәсіпқой бокс рингіндегі төртінші жекпе-жегінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Елдос бұған дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 26 жекпе-жек өткізген өзбектің тәжірибелі тарланы Шерзодбек Мамаджоновпен жұдырық түйістірген болатын. Екеуі алты раунд айқасуы керек еді, алайда бесінші раундтан соң төреші Мамаджоновтың жарақатына байланысты жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Өз кезегімізе айта кетуге тиіспіз, Елдос бес раунд бойы айылын жимай, қарсыласын төпелеумен болды. Өзбек жігіті де осал емес екен, бірақ Елдос ширақ қимылдап, оның алдын орап кетіп отырды. Сарқұловтың қуатты соққыларының бірінен соң Шерзодбек иығын көтере алмай қалғандай да болды. Содан оның секунданттары жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Текст: Sadvakas Maikibayev