Джермалл Чарло VS Мэтт Коробов – жекпе-жек алдындағы «Фэйс ту фэйс»

21 желтоқсан 2018 ж.
Джермалл Чарло VS Мэтт Коробов – жекпе-жек алдындағы «Фэйс ту фэйс»

Осы жексенбіде орта салмақтағы WBC interium белбеуінің иегері Джермалл Чарло чемпиондық атағын Мэтт Коробовқа қарсы айқаста қорғайтын болады. Бүгін боксшылар Нью-Йоркте жекпе-жек алдындағы «Фэйс ту фэйс» кездесуін өткізді.

Екеуі бір-бірімен бірінші рет кездесіп тұр. Бұған дейін сырттай ғана таныс болған боксшылар журналистер алдында көз түйістіріп, артынша баспасөз мәслихатын өткізді.

– Мен дайынмын. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуім үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймын. Дегенмен, Джермалл Чарлоның да мықты екенін білемін. Ол негізі Вилли Монроға қарсы дайындалғаны рас. Бірақ, Монро да мен секілді солақай болатын. Сондықтан, Монроны алмастырғаным оның жаттығу процессіне үлкен кесірін тигізді деп айта алмаймын. Ал өз басым шаршы алаңға шыққанша асықпын, – деді Коробов.

Сондай-ақ, бүгінде АҚШ-тың азаматтығын алған Коробов орта салмаққа түсу ол үшін еш қиын болмағанын да айтты. Естеріңізге сала кетейік, соңғы жекпе-жегін 23 наурыз күні 175 фунт аясында өткізген Мэтт бұл келесі айқасын Чарло мен Монроның андеркартында колумбиялық Хуан Де Анхельмен өткізуі тиіс болатын. Сегіз раундқа белгіленген бұл кездесу 162 фунтта өтеді деп жоспарланған. Сондықтан, алты күннің ішінде Матвейге тағы бір келіге түсу еш қиын болмауы тиіс.

Бір қызығы, Нью-Йорктің маңындағы Бруклин қаласында өтетін бұл жекпе-жек кешіне билеттер әлі де толық сатылмапты. Бағасы 50 доллардан басталады екен.

Текст: Sadvakas Maikibayev