Джейкобс пен Деревьянченко чемпиондық жекпе-жек туралы келісімге келді

11 шілде 2018 ж.
Джейкобс пен Деревьянченко чемпиондық жекпе-жек туралы келісімге келді

Америкалық Дэниель Джейкобс пен украиналық Сергей Деревьянченко орта салмақтағы IBF белбеуіне таласатын болды. Бұл туралы қос боксшының промоутерлері мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, IBF белбеуі Геннадий Головкинге тиесілі болатын. Алайда, басты үміткер Сергей Деревьянченкомен төбелесуге қарсы болғандықтан Халықаралық бокс федерациясы қазақстандық боксшының белбеуін тартып алған болатын. Сөйтіп, белбеуге Деревьянченко мен Джейкобс таласады деп міндеттеп тастаған. Бірақ, қос боксшының промоутерлерін де бұл жағдай қанағаттандырмады. Өйткені, екеуінің де жеке жаттықтырушылары бір маман, тіпті менеджерлері де бір адам еді.

Ақыры жекпе-жек промоутерлік саудаға салынуға шақ қалып, соның нәтижесінде қос боксшының промоутерлері айқас жайлы өзара келісе алды. Жекпе-жектің нақы уақыты бекітілген жоқ. Дегенмен, 27 қазанда Нью-Йоркте өтеді деген сыбыс бар. Бір анығы, айқасты НВО телеарнасы арқылы көрсетеді.

Бір қызығы, Андре Розье жекпе-жек кезінде Джейкобстың бұрышында тұратын болды.

Ал жеңімпаз боксшы келесі кездесуінде Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қай жеңгенімен кездесетін болады. Бұл жекпе-жек 15 қыркүйекке белгіленген.

Текст: Sadvakas Maikibayev