Дәулет Дәукенов Украина боксшысынан басым түсті

23 ақпан 2020 ж.
Дәулет Дәукенов Украина боксшысынан басым түсті

Бүгін түнде Украинаның Бровари қаласында кәсіпқой бокс кеші өтіп, онда Дәулет Дәукенов (7-1, 3 KO) өзінің сегізінші жекпе-жегін өткізді. Ол Украинаның Сергей Сорока (3-4-1, 0 KO) деген боксшысымен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Бірінші орта салмақтағы (63,5 келі) сегіз раундтық жекпе-жекте Дәулет басымдық танытып, өзінің жеңіске лайық екендігін төрешілерге дәлелдей білді. Есеп – 77:76, 78:75, 78:75. Біз бір жылдан астам уақыттан кейін шаршы алаңға шыққан Дәулетті кезекті жеңісімен құттықтаймыз!