BoxRec рейтингіндегі Қазақ елі боксшыларының орындарында өзгеріс аз

18 наурыз 2020 ж.
BoxRec рейтингіндегі Қазақ елі боксшыларының орындарында өзгеріс аз

Беделді BoxRec сайты кәсіпқой боксшылардың салмақ дәрежелерінен тысқары, ай сайынғы бүкіләлемдік P4P рейтингін жаңартты. Оған Қазақ елінен 98 боксшы ілігіпті. Бірақ араларында, тағы да Ресей туы астында өнер көрсетіп жүрген, Қостанай тумасы Станислав Калицкий де жүр. Әрі өткен айдың рейтингімен салыстырғанда, өзгеріс көп емес.

Жалпы, бұл тізімде өткен айдағыдай, 1975 ұпаймен Мексика майталманы Сауль Альварес (Канело) көш бастап тұр. Екінші орынға Америка тарланы Теренс Кроуфорд орналасқан (1336 ұпай). Үшінші орынға Америка саңлағы кіші-Эррол Спенс көтерілген (1249 ұпай). Ал біздің Геннадий Головкин бір саты төмен сырғып, 1183 ұпаймен төртінші орынға табан тіреген. Осы айда ол 93 ұпайынан айырылған...

Енді BoxRec рейтингіндегі Қазақстан боксшыларының үздіктеріне көңіл аударыңыздар (біз алдыңғы лектегі 25 боксшыны ғана қиып алдық):