Боксшылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті

13 мамыр 2016 ж.
Боксшылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті

Бүгін елордамыздың «Керуен» ойын-сауда орталығында 14 мамыр күні кәсіпқой бокс кешіне қатысатын боксшылардың салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ертең сенбі, яғни мамырдың 14-і күні елордамыздың «Көрме» орталығында кәсіпқой бокс кеші өтеді. Шаршы алаңға сегіз жұп шығады. Басты айқаста WBC Eurasia Pacific тұжырымының бірінші жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы анықталады. Чемпиондық белбеуге WBA NABA белбеуінің иегері жерлесіміз Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) пен грузиялық тәжірибелі боксшы Николоз Кокашвили (17(7KO) -3-1) таласады.

Бүгін боксшылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтіп, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың шақыртуымен боксшылар кезек-кезегімен таразыға тұрып шықты. Ал ең соңында WBC EPBCкомитетінің Бас хатшысы Вон Ким мырза таразыға Николоз Кокашвили мен Бекман Сойлыбаевты шақырды. Грузиялық боксшының салмағы 57,3 келіні көрсетсе, қазақ батыры «Күлімдеген құлатқыштың» салмағы 58,250 келіні көрсетіп, екеуі де бірінші жеңіл салмақтың (58,9 келі) лимитіне енді.

Ертеңгі айқасқа дайынмын. Қарсыласымды әбден зерттегенмін. Әлбетте, ол да осал боксшы емес. Құлаштап ұратын соққылары да қауіпті. Дегенмен, мен өзіме сенемін. Жанкүйерлерімнің үмітін ақтауғы тырысамын, – деді салмақ өлшеу рәсімінен соң журналистерге сұхбат берген Бекман Сойлыбаев.

Оның негізгі андеркартында 6 раундтық айқаста қазақстандық Берікбай Нұрымбетов пен украиналық Артур Земляной шығады. Берікбайдың салмағы 63,2 келіні көрсетсе, Землянойдың таза салмағы 61,7 келіні құрады.

Аса ауыр салмақта шығатын боксшыларды да атап өту керек. Қазақтың апайтөс батыры Руслан Мырсатаев 101 келіні көрсетсе, оның қарсыласы өзбекстандық Фаррух Мадаминовтың таза салмағы 108,7 келіге жетті.

Кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылардың таза салмақтары:

Андеркарт

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі (79,3 келіге дейін) 4 раундтық айқас

Әли Ахмедов (дебют)79 келі  – Сергей Крапшило (Белоруссия) (4 (3KO) -12-2) 79,3 келі

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі (55,3 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Айдын Ельжанов (2(1KO)-0-0) 55,1 келі – Хвича Гиголашвили (Грузия) (12(2KO)-12-0) Қарсыласы ертең өлшенеді

Орта салмақ дәрежесіндегі (72,6 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Айдос Ербосынулы (3(3KO)-0-0)- 72,1 келі Лаша Гургулиани (Грузия) (7(4KO)-0-0) Қарсыласы ертең өлшенеді

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Елдос Сарқұлов (3-0-0) 63,5 келі – Шерзодбек Мамаджонов (Өзбекстан) (9(KO)-13-4) 63,4 келі

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 4 раундтық айқас

Айдар Шәрібаев (1(1KO)-0-0)- 61,1 келі  – Рубен Мовсесян (Грузия) (21(16 КО)-14-1) 61,2 келі

Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіден жоғары) 6 раундтық айқас

Руслан Мырсатаев (1(1KO)-0-0)- 101 келі – Фарух Мадаминов (Өзбекстан) (1(1KO)-4-1) 108,7 келі

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Берікбай Нұрымбетов (1-0-0)63,2 келі – Артур Земляной (Украина) (1(1KO)-0-0) 61,7 келі

Басты айқас

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі EPBC WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін айқас

Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0)58,25 келі Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1) 57,3 келі

Салмақ өлшеу рәсімінде түскен барлық суреттеріңізді біздің сайтымыздан және ВконтактеFacebook әлеуметтік желілеріндегі ресми тобымыздан таба аласыздар. Фото.

Текст: Sadvakas Maikibayev