Бір жылдан кейін Бекман Сойлыбаев қайтадан Киев қаласына бас тартты.

19 қараша 2015 ж.
Бір жылдан кейін Бекман Сойлыбаев қайтадан Киев қаласына бас тартты.

Киев спорт сарайында өтетін бокс кешітің басты жекпе жегі Усиктің кездесуі болып табылады. Александр Усик WBO нұсқасы бойынша чемпион болып табылады, кәсіби бокста сегіз жекпе-жек өткізіп, барлығын нокаутпен жеңді. Алайда біздің Бекманның  грузиялық Кахабера Аветисянмен кездесуі де  қызықты өтпек.

Еске алатын болсақ, өзінің кәсіби ринг төрінде бірінші үш жекпе-жегін Бекман Украинада өткізіп, барлығын жеңіспен, біреуін нокаутпен аяқтаған. Ақкөңіл, мейірімді Сойлыбаев өзінің жекпе-жектерін жоғары деңгейде өткізіп украиналық жанкүйерлер жүрегінде бөлек орын жаулап алды. Тіпті олар оған «Күлімсіреген өлтіруші»деген атақ қойыпты.

Daimond Ring промоутерлік компаниясы осы бокс кешін ұйымдастырып отырған K2 Promotion Ukraine Бекманнын жекпе-жегін бағдарламаға еңгізу ұсынысын жасағанда , компанияның бас директоры Александр Красюк осы ұсынысты қуана қабылдады, себебі қазақстандық боксшылардың жекпе-жегі үнемі жоғары деңгейде әрі көріністі өтеді.

Бекманның қарсыласы 26 жасар , бокс сленгімен айтқанда «джорнимен» грузиялық Кахабер Аветисян (41-32-1, 23 КО) өте тәжірибелі боксшы бола келе, көптеген жас , жеңілмеген проспекттердің жолын кескен. Кахабер Бекманмен кездесу жөнінде ұсыныс алған кезде бірінші сұрағы : «Қазақстандық жігіт жеңіліп көріп па еді?» болыпты. Жағымды жауап алғаннан кейін ол контрктқа қол қойып : « Өкінішке орай қазақстандық жанкүйерлер 12 желтоқсан күні Бекманның алғашқы ұтылысын көреді!» депті.

Бұны естіген Бекман әдеттегіде» күлімсіреді, осындай адыраңдық шоудың бөлігі деп құптады: « Менің қарсыластарым үнемі мені жеңемін деп қорқытады, мен оған үйреніп қалдым. Менің болашақ оппонентім өте тәжірибелі әрі мықты боксшы. Аладйда мен де бір жыл бойы жай отырған жокпын. Осы кездесу қиын болады, бірақ жанкүйерлер үшін қызықты болады деп ойлаймын. Мен осы уақыт бойы неге үйренгенімді, қандай тәжірибе алғанымды ринге көрсету керекпін. Бұл кездесу бокстың жоғары деңгейі, қазақстандық және украиналық халықты қуанта аламыз деп ойлаймын!» – дейді Бекман.

Сонымен, 24 қараша күні Бекман Киевке келеді, осы жерде Кахабер Аветисянмен кездесу алдындағы финалды дайындығы өтеді. Бекманды осы жекпе-жекке WBA нұсқасының екінші орташа салмақта  экс-чемпион Юрий Нужненко дайындайды. Ал осы уақытты Daimond Ring  «Хабар» агенттігімен Бекман және Кахабердің жекпе-жегін көрсету жөнінде  келіссөз өткізіп жатыр.

Текст: Sadvakas Maikibayev
Тегтер: Киев