Берікбай Нұрымбетов кәсіпқой боксты жеңіспен бастады

30 қаңтар 2016 ж.
Берікбай Нұрымбетов кәсіпқой боксты жеңіспен бастады

Берікбай Нұрымбетов кәсіпқой бокс рингіндегі алғашқы жекпе-жегінде грузин Александр Бенидзені ұпай айырмашылығымен жеңді.

66 келіге дейінгі жартылай орта салмақтағы төрт раундтық жекпе-жек тартысты болды. Бірінші раундта жерлесіміз ширақ қимылдап, тынымсыз шабуылдаумен болды. Бірнеше пәрменді соққысы қарсыласының басына дөп тиді де. Алайда Александр Бенидзе тез жинақталып, арақашықтықты ұстай отыра, соққыларын діттеген жеріне дәл тигізе бастады. Әуесқой боксқа бейімделіп қалған Берікбай үшінші раундта қарқынын үдетті. Қапысын тауып, қарсыласын басынан ұрып, есеңгіреткендей болды. Төртінші раунд өте шиеленісті әрі қиын болды. Дегенмен қайсының деңгейі жоғары екендігі бәрібір байқалып тұрды.

Жалпы, бұл жекпе-жек жерлесіміз үшін оңай болған жоқ. Екі боксшының бэкграундтағы айырмашылықтары байқалды. Мәселен, грузин боксшысының еншісінде – 33 жеңіс, оның 13-інде жеңіске жеткен (6-уын мерзімінен бұрын аяқтаған), 18 жеңіліс және 2 тең аяқталған жекпе-жек.

– Мен жеңдім, бірақ әлі көп жұмыс жасау керек екендігін түсіндім – деді Берікбай. – Қарсыласымның тәжірибесі мол екендігін іс жүзінде сезіне білдім. Сондай-ақ төрт раунд айқасу да оңай болған жоқ. Дайындық жұмыстарын да жақында бастадым. Осындай қысқа уақыт ішінде жұдырықтасудың жаңа үлгісіне толықтай бейімделіп кете алмадым. Толқу да болды. Өзіме қандай жауапкершілік жүгі артылып отырғандығын түсіндім. Қазақстан жанкүйерлерін жерге қаратқым келген жоқ. Олардың мені қызу қолдап отырғандығын рингте де сезіндім. Бұл мені алға и термеледі.

Төрт раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті біздің жерлесімізге берді – 40:36, 40:36, 38:37.

Естеріңізге сала кетейік, Diamond Ring осы жекпе-жектің қарсаңында Берікбай Нұрымбетовпен келісім-шартқа отырғандығын жариялаған. Енді жас боксшының кәсіпқой бокстағы карьерасы оның промоутерлері тарапынан айқын менеджмент пен стратегияға сай жетілдіріледі. Фото.

Текст: Sadvakas Maikibayev