Берікбай Нұрымбетов айқын басымдықпен жеңіске жетті

14 мамыр 2016 ж.
Берікбай Нұрымбетов айқын басымдықпен жеңіске жетті

Астанадағы кәсіпқой бокс кеші аясында, «Көрме» орталығына керілген шаршы алаңда жетінші жекпе-жек аяқталды.

Орта салмақтағы «Diamond Ring» боксшысы Берікбай Нұрымбетов украин ұланы Артур Земляноймен кездесіп, жеңіске жетті. Бұл екеуінің да кәсіпқой бокс рингіндегі екінші жекпе-жектері болатын. Екеуі да алғашқы айқастарында төрешілердің бірауызды шешімдерімен жеңіске жеткен-ді.

Әрі бұл жекпе-жек те әу баста жоспарланғандай алты раундқа созылды. Сондай-ақ, бұл жолы да төрешілер біраузды шешім қабылдады. Қапталдағы төрешілердің бәрінің де қағаздарында тіркелген есеп 60:54 болып шықты. Күмәнсіз жеңіске жеткен – қазақтың күрзі жұдырықты қыраны.

Рингте де Берікбай басымдық танытты. Қарсыласын ес жиғызбай төмпештеп, тықсырумен болды. Бірақ украин боксшысының жан сірі екен. Берікбайдың ауыр соққыларына төтеп берді. Құлап қалмай, алты раунд бойы шыдады. Бірақ бет-ауызы көгеріп, ісіп кетті. Бұл осы кештегі ең қызықты және тартымды айқас болды.

Бір қызығы, Берікбай бұл жекпе-жекке Украина астанасы Киевте дайындалды. Оны осы кездесуге әзірлеген WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, бүгінде көпшілікке танымал маман Юрий Нужненко болатын.болатын.

Текст: Sadvakas Maikibayev