Берчельт пен Варгас арасындағы матч-реванш11 мамырда өтеді

2 наурыз 2019 ж.
Берчельт пен Варгас арасындағы матч-реванш11 мамырда өтеді

WBC тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақ чемпионы Мигель Берчельт(35-1, 31 KOs)  пен осы титулдың экс-иегері Франсиско Варгас (25-1-2, 18 KOs) арасындағы матч-реванш Инглвудтағы (АҚШ) Forum аренасында өтеді.

Мексикалықтардың титулдық жекпе-жегі 23 наурызға жоспарланған болатын. Алайда, Берчельттің жаттығу кезінде оң қолын жарақаттап алу салдарынан, осы жылдың ең айтулы ремачтарының бірін 11 мамырға ауыстыруға тура келді.

2017 жылдың қаңтарында Варгас  өз отандасына нокаутпен жеңіліп, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің 130 фунтқа дейінгі (58,967 кг) чемпиондық белбеуінен айырылған еді. 34 жастағы Варгас мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін, 2017 жылдың желтоқсанында британдық Стивен Смитқа, өткен жылдың сәуір айында америкалық Род Салкаға қарсы шаршы алаңға шығып, сәтті өнер көрсеткен болатын. Берчельт болса, белбеуді иеленгеннен кейін оны 3 рет сәтті қорғап шықты.  Соңғы рет 27 жастағы чемпион екінші жартылай жеңіл салмақтың мықтысы Мигел Романды мерзімінен бұрын жеңген.