Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

9 желтоқсан 2015 ж.
Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақтың күрзі жұдырықты боксшысы кәсіпқой бокс рингінде әлі жеңіліп көрген жоқ. 12 желтоқсан күні жерлесіміз Украина шаршы алаңында Грузия боксшысы Кахабер Аветисянмен кездеседі. Бокс кешін ағайынды Кличколар ұйымдастырып отыр. Кім жеңеді: Сойлыбаев па, әлде Аветисян ба? Сіздер мұны 12 желтоқсан күні сағат 00.50-де тек Хабар телеарнасынан біле аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, бұл – екінші жартылай жеңіл салмақта бақ сынайтын жерлесіміздің кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жетінші жекпе-жегі. Бекман Сойлыбаев бұған дейін алты жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде нокаутпен үстем түскен. Кахабер Авестисян да осал емес. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 74 жекпе-жек өткізген. Екі боксшы WBO тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақта құрлықаралық чемпиондық атақты сарапқа салатын украин Александр Усик (8-0-0) пен Куба қабыланы Педро Родригес (22-1-0) арасындағы бокс кешінде жұдырық түйістіреді.

Текст: Sadvakas Maikibayev