Бекман Сойлыбаевтың туған күні!

12 тамыз 2016 ж.
Бекман Сойлыбаевтың туған күні!

Бүгін – Diamond Ring компаниясының ең үздік боксшысы Бекман Сойлыбаевтың туған күні.

Өткен жыл біздің боксшымыз үшін қуанышқа толы болды. Бекман әлемдік екі ұйымның теңдессіз жеңімпазы атанды. Нақтырақ айтқанда, күрзі жұдырықты тарланымыз NABA WBA және EPBC WBC тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алды. Сондай-ақ тұңғышы дүниеге келіп, сәби сүйді.

Біз Бекманды шын жүректен құттықтаймыз, әрі шаршы алаңда және одан да тыс ерен жетістіктерге қол жеткізіп, жеңіске жете беруіне тілектеспіз.

Туған күнің құтты болсын, Бекман!

Текст: Sadvakas Maikibayev