Бекман Сойлыбаевтың ұлының тұсауы кесілді

21 шілде 2017 ж.
Бекман Сойлыбаевтың ұлының тұсауы кесілді

WBC International чемпионы және WBA NABA белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев ұлына тұсау кесер рәсімін өткізді.

Кішкентай Димаштың тұсауын қазақтың көне дәстүрі бойынша «Diamond Ring» промоутерлік компаниясының президенті Лашын Аймағамбетов кесті. Бүлдіршіннің алдына ақ алаша төселіп, мәреге домбыра, қалам, кітап және бокс қолғабы қойылды. Бір қызығы, Дінмұхамед қаламды таңдады.

Жалпы Бекман Сойлыбаевтың еншісінде бүгінде 11 айқас бар. Барлығында жеңіске жетіп, соның төртеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Соңғы айқасын 30 сәуір күні Мексиканың Чиуауа қаласында өткізіп, екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Бүгінде боксшы келесі жекпе-жегіне Астана қаласында дайындалып жатыр.

Текст: Sadvakas Maikibayev