Бекман Сойлыбаев пен Кахабер Аветисян салмақ өлшеуден өтті

11 желтоқсан 2015 ж.
Бекман Сойлыбаев пен Кахабер Аветисян салмақ өлшеуден өтті

Мандат комиссиясының барлық тексерістері мен міндетті рәсімдерінен өткен соң боксшыларға рейтингтік жекпе-жектері алдындағы соңғы ресми кезеңнен өту керек болды. Ол – салмақтарын өлшетіп, өздері бақ сынайтын салмақ дәрежесінен асып түспеу.

Салмақ өлшеу рәсімі Киевтегі ең үлкен сауда орталықтарының бірінде өтті. Екі боксшы да екінші жартылай салмақтың, яғни 59 келі салмақ дәрежесінің шектеулерінен асқан жоқ. Атап айтқанда, Кахабер таразыға тартылғанда 58.9 келі болып шықса, Бекман одан сәл-пәл ауырлау тартты – 59,3 келі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл – отандасымыздың кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы жетінші жекпе-жегі: 6-0-0 (3 KO). Ал оның Грузиядан келген қарсыласы Кахабер Аветисян рингке 75-інші рет шығады – 41-32-1 (23 KO). Жанкүйерлер үшін ең басты жаңалық, Киевтегі осы кездесудің сағат Хабар» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілуі болып отыр.

Текст: Sadvakas Maikibayev