Бекман Сойлыбаев Невада штатындағы Бокс Даңқы Залына болды

10 тамыз 2015 ж.
Бекман Сойлыбаев Невада штатындағы Бокс Даңқы Залына болды

Таяуда Бекман шын мәнінде әлемдік бокс астанасы Лас-Вегасқа келді. Сапардың ең басты оқиғасы кезекті арану салтанаты өтетін Невада штатының Бокс Даңқы Залында (NevadaBoxing Hall of Fame) қатысу болды, биылғы жылы тізім Ленок Льюис, Феликс Тринидад, Марвин Хаглер, Марко Антонио Баррера, Эдди Мустафа Мухаммад и Роджер Мэйуэзер секілді есімдермен толықтырылды. Арналған мәртебелі тізімнің басында атақты боксшы Мухаммеда Алидің есімі аталған. Сонымен бірге, ең алғаш рет 2013 жылы өткізілген арнау салтанатында өткен мен болашақтың 19 көрнекті тұлғалары мәңгілікке сақталды. Солардың ішінде – Флойд Мэйуэзер-кіші, промоутерлер Дон Кинг пен Боб Арум, Диего Корралес (қайтыс болғаннан кейін) пен Шугар Рэй Леонард, бапшы Фредди Роуч, Майк Тайсон және басқалар. Осыдан басқа, pound-for-pound рейтінгісінің қазіргі көшбасшысы Флойд Мэйуэзер-кіші Невада штатынан 2015 жылғы үздік боксшы марапатын алды.

Біздің боксшы үшін тағы да бір есте қаларлық сәт болып, Бүкіләлемдік боксерлік кеңес (WBC) президенті, өзінің әкесі қайтыс болғаннан кейін кәсіби бокстың ең ірі ұйымын басшылық еткен Маурисио Сулейманмен танысу болды. Маурисио Бекманға оның кәсіби ретінде басталған мансабына табыс тілей отыра, әрине, рингте әдемі жеңістерді тіледі.

Сонымен бірге, Бекман WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша жартылай орташа салмақтағы әлем чемпионы және IBF, WBO, IBC нұсқалары бойынша 1-ші жартылай салмақта чемпион Забу Джудаға (ZabJudah) қол қысты.

Сонымен ішінде, Бекманға WBC чемпионының белдігін өзіне киіп көруге және айтатындай салмағын бағалауға мүмкіндік туындады.

Жалпы алғанда, боксшы үлкен әсерде қалды және өзі ашығын айтқандай, өзінің жолын әуесқой боксшы болып бастағанда осы жерде, Лас-Вегаста болатынын және әлемдік бокстың осы бөлігін өз көзімен көретінін ойламағанын айтты. «Енді мен DiamondRing командасының бөлігі болғанымның арқасында мен біздің елімізді шетелде сәтті көрсетудемін. Бірақ, мен бұл қаншалықты шыңдарға ұзақ жол екендігін түсінемін, және дәл осындай шараларға қатысу мені уәждемелейді және қайда талаптану қажет екендігін көрсетеді…»-деп Бекман айтты. Фото.

Текст: Sadvakas Maikibayev