Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар

5 мамыр 2016 ж.
Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын боксшылар

Мамырдың 14-і күні елордамызда Diamond Ring промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді.

«Көрме» орталығында керілген шаршы алаңға Қазақстаннан бөлек, Грузия, Өзбекстан, Украина және Белоруссия боксшылары шығады. Барлығы 8 жекпе-жек жоспарланған.

Бокс кешінің басты айқасында WBC Eurasia Pacific тұжырымының чемпионы анықталады. Чемпиондық белбеуге WBA NABA белбеуінің иегері жерлесіміз Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) пен грузиялық тәжірибелі боксшы Николоз Кокашвили (17(7KO) -3-1) таласады.

Сонымен, назарларыңызға елордамызда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлерінің жұптарымен таныстырамыз:

Андеркарт

Әли Ахмедов (дебют) – Сергей Крапшило (4 (3KO) -12-2)

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі (79,3 келіге дейін)4 раундтық айқас

Даир Жайлауов (1-0-0) – Торнике Тортладзе (9(1KO)-6-1)

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Роман Жайлауов (15(9KO)-2-0) – Николоз Гвиниашвили (15(11KO)-5-3)

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (66,7 келіге дейін) 8 раундтық айқас

Елдос Сарқұлов (3-0-0) – Шерзодбек Мамаджонов (9(KO)-13-4)

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін)  6 раундтық айқас

Айдар Шәрібаев (1(1KO)-0-0) – Рубен Мовсесян (21(16 КО)-14-1)

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі (61,2 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Руслан Мырсатаев (1(1KO)-0-0) – Фарух Мадаминов (1(1KO)-4-1)

Ауыр салмақ дәрежесіндегі (90,7 келіден жоғары) 6 раундтық айқас

Берікбай Нұрымбетов (1-0-0) – Артур Земляной (1(1KO)-0-0)

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі (63,5 келіге дейін) 6 раундтық айқас

Басты айқас

Бекман Сойлыбаев (8(3KO)-0-0) – Николоз Кокашвили (17(7KO)-3-1)

Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі EPBC WBC чемпиондық белбеуі үшін өтетін айқас

Естеріңізге саламыз, бокс кеші «Көрме» орталығында (Достық көшесі, 3) 14 мамыр күні сағат 20:00-де басталады.

Билеттер «Керуен» мен «Мега» сауда орталықтары және «Конгресс Холл» мен «Жастар» сарайының кассаларында сатылады.

Анықтама үшін: +7(7172)57-49-69

Текст: Sadvakas Maikibayev