Андрей Замковой – Еуропаның лицензиялық турнирі кәсіпқой боксқа ұқсап кетті

19 наурыз 2020 ж.
Андрей Замковой – Еуропаның лицензиялық турнирі кәсіпқой боксқа ұқсап кетті

Токио Олимпиадасының Еуропа елдері арасындағы лицензиялық турнирі үш-ақ күнге созылып, одан кейін коронавирус індетінің қауіпіне байланысты тоқтатылған болатын. Лондондағы барлық мемлекеттің спортшылары мен ресми өкілдері үйлеріне қайтқан.

Ресей құрамасының боксшылары Мәскеуге келген соң, журналистерге арнап арнайы баспасөз жиынын өткізіпті. Онда көрші елдің ерлер арасындағы құрамасының капитаны, 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тәжірибелі боксшы Андрей Замковой лицензиялық турнирдің одан әрі қалай жалғастындығын ойлап, алаңдайтындығын білдірген:

Біз Лондонға аттанғанда, бұл турнирдің тоқтатылуы мүмкін деп ойлаған дда емеспіз. Өкінішті, әрине. Енді бір көңіл аударарлық жәйт – кездесулер сұлбасы сақтала ма, жоқ па, белгісіз. Егер осы күйінде қалса, барлық боксшының қазірден белгілі, нақты қарсыласына бір ай бойы дайындалуына мүмкіндік болады. Бұл енді, кәсіпқой бокс секілді болып кетеді ғой...

Осы ретте айта кетейік, Андрей Замковой Еуропа елдерінің лицензиялық турнирінде 1/8-финалына шыққан болатын. Оның ендігі қарсыласы – грек Дионисос Пефанис. Оны жеңсе, Нихат Экинчи (Түркия) және Марсель Румплер (Румыния) жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшымен ширек финалда жұдырық түйістіруі керек.