Андрей ТОКАРЕВ: Шәрібаев – Окура жекпе-жегі бокс кешінің ең үздігі болды

4 қараша 2016 ж.
Андрей ТОКАРЕВ: Шәрібаев – Окура жекпе-жегі бокс кешінің ең үздігі болды

– Шынтуайтын айтқанда, мексикалық Окура Шәрібаевтың бәсекелес, яғни деңгейі жоғары алғашқы қарсыласы болды. Ол бүкіләлемдік рейтингте қазақ боксшысынан 400 саты жоғары тұрған-ды. Шәрібаев үшін тамаша сынақ болды. Әсіресе, Айдардың өз елінде, өз жанкүйерлері алдында өнер көрсеткенін ескерсек… Иә, бұл жекпе-жек сол күнгі бокс кешінде ең тартымды айқас болды. Өйткені аталған кеште бастан-аяқ нокаут болып, көрермендер тіпті бокс көре алмады. Ал Шәрібаев пен Окура алты раунд бойы айылдарын жимай айқасты. Егер ұпайларын есептейтін болсақ, мен Айдарға да, Мексика жігітіне де үш раундтан берер едім. Ал жекпе-жек Шәрібаевтың отанында өткендіктен, қалыптасқан дәстүр бойынша, осындай терезеі тең өткен айқастарда, жеңіс ринг қожайынына беріледі. Жалпы, Айдар жарады! Ол Окура секілді сыралғы саңлақпен бірінші рет кездесті. Әйтсе де, есесін жіберген жоқ. Әрине, Мексика жігітінің кәсіпқой бокс рингіндегі тәжірибесі молырақ, бірақ Шәрібаев әуесқой бокстағы тәжірибесімен төтеп берді. Бұл жекпе-жекті көрермендер де жоғары бағалады деп ойлаймын.

Текст: Sadvakas Maikibayev