Андраде VS Сондерс: британдық боксшы WBO белдігін қайтарып алуды көздейді

2019 ж. 21 қаңтар
Андраде VS Сондерс: британдық боксшы WBO белдігін қайтарып алуды көздейді

2019 жылы орта салмақтың мықтылары өз орындарымен ауысуы мүмкін. Өткен жылдың қазан айында британдық Билли Джо Сондерс пен америкалық Деметриус Андраде арасындағы болмаған кездесу биыл өткізілуі ықтимал. Бірақ, бұл жолғы жағдайдың өзгешелігі: британдық Сондерс үміткер рөлінде Деметриустың чемпиондық белбеуін алуды көздейді.

Андраде 18 қаңтарда ресейлік Артур Акавовты 12-мезетте тізе бүктіріп, өзінің чемпиондық атағын алғаш рет қорғап қалды. Осылайша, америкалық сайыпқыран 27-ші жеңісіне (17 – нокаутпен) қол жеткізді. Андраде WBO тұжырымы бойынша орта дивизиондағы чемпиондық белбеуін намибиялық Уолтер Куатондокамен өткізген шайқаста, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп алған болатын. Ал осы белбеуді небәрі 3 айдан кейін-ақ қорғауға шықты.Қазан айында WBO белбеуі бос мәртебеге ие болатын. Оның бұрыңғы иегері жеңіліп көрмеген британдық Билли Джо Сондерс (27-0, 13KOs) ұйым рейтингінен допинг дауына байланысты шығарылған еді. Ағымдағы жылдың басында Бүкіләлемдік бокс ұйымы Сондерсті тізімге қайта қосты. Оған қоса, жақын арада Андрадеге қарсы британдық саңлақты міндетті қарсылас ету мәселесі қарастырылатын болады.

«Өткен аптада WBO комитеті жіктелу комитетіне Билли Джо Сондерсті қантар айындағы рейтингке қосу туралы ұсыныс тастады», – деді WBO президенті Франсиско Валькарсель (BoxingScene мәліметінше).
Сондерс чемпиондық атаққа бірінші үміткерлердің бірі болып таңдалды. Келесі аптада ұйымның чемпиондық комитеті Сондерсті Андраденің міндетті қарсыласы болу туралы өтінішін қарастырады. Алдымен, чемпиондық комитет оны 6 айға шеттегендегі қойған барлық шарттарын орындағанына көз жеткізуі керек.

Сондерс 2015 жылдың желтоқсанында отандасы Энди Лиге қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін, 3 жыл қатырынан беделді атақтың иегері болды. Сол уақыт аралығында британдық былғары қолғап шебері 3-ақ рет қана өз белбеуін қорғады. Өткен жылы чемпиондыққа міндетті үміткер Деметриус Андрадеге қарсы шайқасқа екі апта қалғанда, Массачусетс штатының Атлетикалық комиссиясы жекпе-жекті өткізу мен WBO жіктелуінен бас тартты. Сондерс болса, ағзасынан қолдануға тиым салынған оксилофрин препараты табылғаннан кейін, өз еркімен чемпиондық титулынан қайтарды.
Бұл 2018 жылы Сондерс үшін өтпей қалған үшінші жекпе-жек. Сәуір айынан кейін, маусым айында WBO экс-чемпионы өзінің отандасы Мартин Мюррейге қарсы дайындық кезінде жарақат алғанын алға тартып, рингке шықпай қалған болатын. Ұлыбритания аумағында оксилофринді қолдануға рұқсат берілгендіктен, оның өз атамекенінде жұдырықтасуына құқы бар. Өткен айда Сондерс Манчестер аренасында Чарльз Адамға қарсы өнер көрсетіп, жоспарланған 8 раундтың 4-ші раундында жеңіс тұғырынан көрінді.