Айдар Шәрібаев пен Орландо Ризо арасындағы жекпе-жектің ең қызықты сәттері (видео)

6 мамыр 2017 ж.
Айдар Шәрібаев пен Орландо Ризо арасындағы жекпе-жектің ең қызықты сәттері (видео)

Назарларыңызға Айдар Шәрібаев пен никарагуалық боксшы Орландо Ризоның қатысуымен өткен жекпе-жектің ең қызықты сәттерін ұсынамыз. Айқас 29 сәуір күні Чикагода өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек жетінші раундта аяқталып, никарагуалық боксшы тізерлеген күйі жұдырықтасудан бас тартқан. Айқас барысында Айдар қарсыласын үш рет есеңгіретіп, нокдаунға жіберген.

Осылайша кәсіпқой шаршы алаңда алтыншы айқасын өткізген 27 жасар Айдар Шәрібаев алтыншысында да жеңіске жеткен. Оның бесеуін нокаутпен ұтты.

Текст: Sadvakas Maikibayev