Айдар Шәрібаев грузин боксшысын нокаутқа түсірді

14 мамыр 2016 ж.
Айдар Шәрібаев грузин боксшысын нокаутқа түсірді

“Diamond Ring” промоутерлік компаниясының қас шебері Айдар Шәрібаев өз қарсыласын үшінші раундтың басында нокаутқа түсірді.

Оның қарсыласы аса тәжірибелі, тамырында армян қаны соққан Грузин боксшысы Рубен Мовсесян болатын. Ол бұған дейін кәсіпқой бокс рингінде 37 жекпе-жек өткізіп, соның 21-інде жеңіске жетіп, 14-ін нокаутпен аяқтаған екен. Бірақ оның бұл жетістіктері рингке “Албан” деген лақап атпен шыққан қазақтың қайсар жігітіне титтей де әсер еткен жоқ.

Айдар екінші раундтың аяғында-ақ қарсыласын ноудаунға жіберген, бірақ оны гонг үні құтқарып қалды. Әйтпесе екі “бүктеліп” қалуы мүмкін еді. Өйткені Айдар оны бүйірінен ұрып, үрейін ұшырған болатын.

Әйтсе де, үшінші раунд басталған бетте “Diamond Ring” боксшысы өз дегеніне жетіп тынды. Оң қолымен бүйірінен түйіп қалып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.