25 шілдеде өтетін жекпе-жекте Бекман Сойлыбаевтың қарсыласының есімі белгілі болды

16 шілде 2015 ж.
25 шілдеде өтетін жекпе-жекте Бекман Сойлыбаевтың қарсыласының есімі белгілі болды

Өзінің профессионалды бокс мансабы шеңберінде Бекман Сойлыбаев өзінің бесінші жекпе-жегін өткізуге дайындалуда.

Бекман Сойлыбаев жуық арада рингке шығады, бұл жолы Феникс қаласы, штат Аризона. TopRankPromotions мен ең ірі промоутерлік компаниялардың бірі IronBoyPromotions бірлесе ұйымдастырылған шоуда отандастық жас боксшы 25 тамызда үлкен CelebrityTheatre ивент-залында рингке шығады. IronBoy #23 атты шоу бұл кезекті кәсіби бокс аптасы, және де әлемнің ең үздік және талантты боксшылардың жекпе-жегін көрсететін Аризонадағы ең басты спорт оқиғасы.

Бұл жолы біздің боксшының қарсыласы Мексикандық Анждел Монреал (5 (1KO) – 6 (2KO) – 1). Қарсылас Сойлыбаевтан аса үлкен емес, ол 27 жаста. Өзінің тұсаукесер жекпе-жегін ол 21 жаста өткізді, негізінен өзінің жекпе-жектерін Монреал мексикандық мен американдық кәсібилерге қарсы өткізген болатын.

Бекман Сойлыбаев үшін бұл бесінші жекпе-жек, оның атып келе жатқан кәсіби рингтегі мансабы жолында бұл тағы бір жоғары басатын қадам болмақ. Еске салып кетейік, Бекман төрт жеңіліссіз жекпе-жек өткізді, олардың екеуінде өзінің қарсыластарын нокаутқа жіберді.

Текст: Sadvakas Maikibayev