10 желтоқсан – жеңіл салмақтағы жекпе-жектер шеруі

9 желтоқсан 2017 ж.
10 желтоқсан – жеңіл салмақтағы жекпе-жектер шеруі

Ертең Астана уақытымен таңәлекеуіммен Нью-Йорк пен Лас-Вегаста екі жекпе-жек кеші өтеді. Екеуінде де екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің кіл мықтылары шаршы алаңға шығады. Бұлардың барлығы қазақстандық Бекман Сойлыбаев, Айдар Шәрібаев, Абылайхан Құсайынов сынды мықтылардың болашақ қарсыластары.

Алдымен Нью-Йорктегі кездесулер жайлы айтайық. Кештің басты жекпе-жегі украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондо арасында өтеді. WBO тұжырымының екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуін сарапқа салатын айқастың алдында барлық айқасында жеңіске жетіп келе жатқан пуэрто-риколық Кристофер Диас пен америкалық Брайант Круз шаршы алаңға шығып, дәл осы салмақта WBO NABO белбеуіне таласады.

Лас-Вегастағы жекпе-жек кешінде шаршы алаңға екінші жеңіл салмақтағы бес айқасты тамашалаймыз. Кештің басты айқасы АҚШ-тың қара маржаны Тевин Фармер мен жапон жігіті Кеничи Огава арасында өтіп, ІВҒ чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Ал оның алдында шаршы алаңға мексикалық Франциско Варгас пен ағылшын Стивен Смит шығады. Бұдан бөлек, қос мексикалық Орландо Салидо мен Мигель Роман, ресейлік Денис Шафиков пен никарагуалық Рене Альварадо және АҚШ боксшысы Педро Дюран мен Даниэл Эвангелиста айқасады.

Текст: Sadvakas Maikibayev